«Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» республикалық семинар-тренингі
Жыл сайын Қостанай облысының оқушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы өткізетін іс-шараларға қатысады.
Биыл 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» тақырыбы бойынша семинар-тренинг 2023 жылғы 15-16 наурызда онлайн режимінде өтті.
Б. Майлин, Қостанай, Сарыкөл, Федоров аудандарының және Қостанай қаласының оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші қызметкерлері мен сарапшылары қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқыды, елде болып жатқан соңғы оқиғаларды баяндап, оларға өз бағаларын берді, сондай-ақ тренингтер өткізді.
Барлық қатысушыларға семинарға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.