Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі аяқталды.

Олимпиада 14-18 қаңтар аралығында дәстүрлі форматта екі турда өтті.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет 2023 жылдың қараша айында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың тапсырмасымен басталды. Олимпиаданың басты мақсаты еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттіліктерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Олимпиаданың бастапқы кезеңіне Қостанай облысы ауыл мектептерінің 2000-нан астам оқушысы қатысты, облыстық (іріктеу) – 641 оқушы, оның қорытындысы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушылар іріктеліп алынды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 16 қатысушының 4-еуі Әулиекөл, 3-еуі Б. Майлин, 3-еуі Жангелдин, 2-еуі Қостанай аудандарынан және Амангелді, Денисов, Қамысты, Меңдіқара аудандарынан 1 қатысушыдан.

7 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 бірінші және 6 үшінші орын, тағы 3 оқушы грамоталармен марапатталды:

Қатысушының аты-жөні

Сынып

Пән

Мектеп

Орын

1

Джесов Ян

11

Математика

№ 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі, Денисов ауданы

1

2

Джуманиязова Салима

11

Биология

Айсары жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданы

3

3

Әділбеков Даниял

11

Информатика

№ 1 Тобыл жалпы білім беретін мектебі, Б. Майлин ауданы

3

4

Жалгасов Арыстан

9

Информатика

№ 1 Тобыл жалпы білім беретін мектебі, Б. Майлин ауданы

3

5

Қибат Аружан

9

Математика

Қ. Топаев атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жангелдин ауданы

3

6

Новиченко Людмила

10

Биология

Береговое жалпы білім беретін мектебі, Б.Майлин ауданы

3

7

Петров Максим

10

Информатика

И.Ф. Павлов атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қостанай ауданы

3

8

Бекбаева Адема

10

Математика

Новоселовка жалпы білім беретін мектебі, Әулиекөл ауданы

грамота

9

Минайдар Әлимұхамбетжан

9

Химия

Амангелді жалпы білім беретін мектебі, Амангелді ауданы

грамота

10

Молдахмет Санжар

10

География

№ 1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі, Әулиекөл ауданы

грамота

Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!