«Математикадан олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық циклі педагогтарының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадалардың әр түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 13 ақпанда Рудный қаласы әкімдігінің «№2 гимназия» КММ базасында Рудный және Лисаков қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 17 мұғалімі үшін «Математикадан олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинары өтті. Жаттықтырушы ретінде «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Наталья Викторовна Кудрявцева шақырылды.

    Семинарда тыңдаушылардың олимпиадалық тапсырмаларды орындауға қажетті білім алу мәселелері қарастырылды.

    Семинарға қатысушылар оқыту семинарын өткізудің жақсы деңгейін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.