Физика пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

     

      

     

     

     

    2022 жылғы 17-18 наурызында дәстүрлі түрде 7-10 сынып оқушылары үшін физикадан облыстық қашықтық олимпиадасы өтті. Облыстың барлық өңірлерінен 1 811 оқушы олимпиадаға қатысты. Өңірлердің арасында олимпиадада белсенділік танытқан Рудный қаласы (374 оқушы), Қостанай қаласы (294 оқушы) және Жітіқара ауданы (234 оқушы), ал оқушылар арасында белсенді қатысқан 7 сыныптар - 616 қатысушы.

    Олимпиада жүлдегерлері атанған 450 қатысушы, соның ішінде 1 орынды - 123 бала, 2 орын – 138 және 3 орын – 189 оқушы. Өңірлер арасында жоғары нәтижелер көрсеткен Алтынсарин және Қарабалық аудандарының оқушылары (сәйкесінше 59 және 50 % ), сонымен қатар дарынды балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты (сапасы – 33,3 %).

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары беріледі.

    ИТОГИ