Робототехника бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 15 наурызда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің смарт-орталығы базасында робототехника бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға облыс мектептері мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-11 сыныптарының 16 оқушысы қатысты.

    Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

      • негізгі жалпы және орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту;
      • дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау;
      • жастар арасында ғылыми білімді тарату және насихаттау;

    жеке тұлғаны қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде жастарды кәсіби бағдарлау.

    Олимпиадаға қатысушылар робототехника бойынша есептерді шешіп, бағдарламалауды орындап, өз роботтарын ұсынды.

    Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталды.

    Қазылар алқасының шешімімен 1 орынға:

    - Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы -Баюк Мария;

    - Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы -Жақыпжанов Бекзат;

    - Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы - Дильман Роман ие болды.

    2 орын:

    - Нотин Дмитрий, Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

    - Хегай Кирилл, Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

    - Жарков Ярослав, Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы;

    - Драгун Роман, Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

    - Дынник Андрей, Қостанай қаласының № 8 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы.

    3 орын:

    - Сармурзин Мейрам, Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

    - Суворов Александр, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің 10 сынып оқушысы;

    - Дроздов Кирилл, Қостанай қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;

    - Қабдығалық Жәнібек, Қостанай қаласының №15 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы.