Оқушылардың Республикалық олимпиадасы басталды

    А.ж. 17 наурызынан бастап Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы басталды. Олимпиада марафонын бірінші болып математиктер мен физиктер бастады.

    Астана қаласында математика және физика пәндерінен олимпиада өтті. 17-22 наурыз аралығында 300-ден астам оқушы күрделі тапсырмаларды шешіп, практикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар олимпиаданың барлық қатысушылары үшін экскурсиялық және ойын-сауық бағдарламасы жоспарланды.

    Қостанай облысынан олимпиадаға Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері және осы оқу жылында алғаш рет өткізілген ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған 11 оқушы қатысты. Оқушылар Қостанай қ., Денисов ауданы мектептері мен Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының атынан сынға түсті.

    5 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль. Жеңімпаздардың есімдері:

    Математика – І орын – Даутов Жан, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

    Физика – І орын – Әбдіқадір Таир, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

      ІІ орын – Петровский Глеб, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

      ІІІ орын – Байжігіт Ерасыл, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты; Уразбаев Алихан, Қостанай қ.. М. Горький атындағы гимназиясы.

    Республикалық олимпиаданың сәтті басталуымен құттықтаймыз!!!