«Qabilet» қызметін іске асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел

     

      

     

    2021 жылдың 06 желтоқсанында «4К» бойынша 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың практикалық мәселелерін талқылау мақсатында «QABILET» қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті, оның ұйымдастырушысы «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры болып табылады.

    Дөңгелек үстел ел өңірлерінде «Qabilet» қызметі» жобасын іске асыру мәселелерін талқылауға арналған.

    Модератор - балалар мен жастарды диагностикалау және дамыту орталығының басшысы Гулим Асгатовна Джусупова «Qabilet» жобасының негізгі кезеңдерімен және балаларды диагностикалаудың  аралық нәтижелерімен таныстырды.

    Балалардың қабілеттерін диагностикалаудың практикалық мәселелерін талқылау аясында психология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми қызметкері Акмарал Кулмагамбетовна Сатованың, баяндамасы тыңдалды, ол өз сөзінде балалар мен жастардың қабілеттерін диагностикалаудың заманауи тәсілдерін көрсетті.

    «Жетісу дарыны» және «Жамбыл дарыны» орталықтарының өкілдері «Qabilet» қызметі» жобасын жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО психологі Динара Амандыковна Жумабаева диагностиканың екінші кезеңін өткізу тәжірибесін ұсынды, оқушылардың кездесетін негізгі қиындықтарын көрсетті. 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 10-11 жастағы 3171 оқушы «4К» бойынша қабілеттерді диагностикалаудың бірінші кезеңінен өтті.

    Барлық баяндамалар аудиторияның қызығушылығын тудырды, талқылау барысында дөңгелек үстелде айтылған мәселелер бойынша алдағы міндеттер белгіленді.

    Естеріңізге сала кетсек, 10-11 жастағы оқушылар qabilet.elbasyacademy.kz сайтында тіркелу арқылы тестілеуден өтіп, қабілеттерін анықтай алады, консультацияны (кеңесті) Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1 мекенжайында орналасқан «Qabilet» қызметінің кабинетінен алуға болады. Сонымен қатар, Call-орталығына 8(800) 080 48 48 нөмірі бойынша сұрақ қоюыңызға болады.