Астана қаласында 2023 жылғы 1-2 қарашада Назарбаев Университетінің базасында Республикалық балалар оқулары байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: жас қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін дамыту және ілгерілету, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру.

Қостанай облысы атынан ақтық кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған Қостанай ауданы мен Арқалық қаласының оқушылары қатысты.

Алимгереева Нұрайым – Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы (Арқалық қаласы) 3 орын алды.

Зильгараева Айым – Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы (Арқалық қаласы) және Мұнлыбек Аяулым – Айсары жалпы білім беретін мектебінің (Қостанай ауданы) 8 сынып оқушысы грамоталармен марапатталды.