XXI Республикалық Абай оқулары

    2020 жылдың 23-25 тамызында 8-11 сынып оқушыларына арналған ХХІ республикалық Абай оқулары өтті. Оқулар  алты номинация бойынша өтті: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі».     

    Облыстық Абай оқуларының жеңімпаздары атанған Қарабалық, Қостанай аудандары мен Арқалық, Рудный қалаларының 8-10 сынып оқушылары Қостанай облысын таныстырды.

    Оқулар қорытындысы бойынша 3 оқушы:

    - Абдраманова Ақмарал (Рудный қ. №19 орта мектебі, 7 сынып) - «Өнерліге өріс кең» номинациясында,

    - Шагатаева Даяна (Қостанай ауданының Айсары орта мектебі, 9 сынып) - «Үздік орындаушы» номинациясында,

    - Сейтова Гүлзираш (Рудный қ. №13 орта мектебі) - «Жас қаламгер» номинациясы бойынша грамоталармен марапатталды.