7-10 сынып оқушылары арасында химия пәнінен облыстық қашықтық олимпиаданың қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 15-16 сәуірінде 7-10 сынып оқушылары арасында химия пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 19 өңірінен 1 135, соның ішінде 499 (44 %) ауыл мектептерінен оқушы қатысты. Олимпиадаға Жангелдин, Қарасу, Науырзым аудандарының, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.

    Өңірлер арасында Қостанай қ., Рудный қ. және Қостанай ауданын атап өтуге болады (тиісінше 301, 185 және 129 қатысушы).

    Осы олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 10 сыныптың  474 оқушылары, олардың ішінде облыс колледждерінің 1 курс 351 студенттері атанды.

    Олимпиада тапсырмаларын 156 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 40 оқушы 1 орын, 52 - 2 орын және 43 оқушы 3 орын алды. Колледж студенттері 3 жүлделі: 3 үшінші орынға ие болды.

    Өңірлер арасында Алтынсарин, Қамысты және Жітіқара аудандары нәтижелі өнер көрсетті.

    Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификат алды, ал жүлдегерлерге диплом дайындалады.

    Итоги