Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

     

    2023 жылғы 2-4 мамыр аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская атындағы орденнің иегері, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді.

    Олимпиаданың республикалық кезеңіне 9-11 сыныптардың 169 оқушысы қатысты. 

    Қостанай облысының намысын биыл Арқалық қаласынан, Қостанай ауданынан, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан сараланған 8 қатысушы қорғады.

    Қатысушылар Қ. Бітібаеваның өмірбаяны, қазақ әдебиеті, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектері бойынша білімдерімен жарысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 1 бірінші, 2 үшінші орын алды және ерекше жетістіктері үшін 4 грамотамен, Қ.Бітібаеваның отбасынан 2 ақшалай сыйлықпен марапатталды.

     

    р/с

    Қатысушының ТА

    Мектеп

    Сынып

    Орын

    1.

    Ибжарова Айзат

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    11

    1

    2.

    Иманбаева Аяулым

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    11

    грамота

    3.

    Доскеева Жанель

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    10

    грамота

    4.

    Әлім Жаннұр

    Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназия

    9

    3

    5.

    Кенжебекова Жазира

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    9

    3

    6.

    Исламбекова Зарина

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    10

    грамота

    7.

    Каликанова Алтынай

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    10

    грамота

     

    Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және одан әрі табыстар мен жеңістер тілейміз!