«Триумф» халықаралық, республикалық олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі
2022 жылғы 9 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігінің күмбезді залында «Триумф» халықаралық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын құрметтеудің дәстүрлі рәсімі өтті.
Кездесу Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Зауре Ануарбековна Байменованың, сондай-ақ шақырылған қонақтар: облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Амангелдіқызы Қапенованың, «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Аруна Рахметуллақызы Жақсағұлованың қатысуымен өтті.
Марапаттау рәсіміне 2021, 2022 жылдары республикалық және халықаралық деңгейде спортта, ғылымда және шығармашылықта жоғары жетістіктер көрсеткен 20 оқушы мен 19 педагог қатысты.
Биылғы жылы Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қостанай, Ұзынкөл аудандарының, Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының: дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының және Ы. Алтынсаринатындағы мектеп-гимназия-интернатының оқушылары мен педагогтері марапаттауға номинанттарболды.
Білім басқармасы басшысының қолынан үздік оқушыларға естелік мүсіншелер мен ноутбуктер, ал ұстаздарға Қостанай облысы әкімінің атынан алғыс хаттар мен планшеттер табыс етілді.
Сонымен қатароблыстың барлық өңірлеріненжетістіктері облыстық және республикалық деңгейде атап өтілген 120 оқушы шақырылды. Салтанатты рәсімге қатысқан барлық балаларға естелікке қуаттағыш құрылғылар, қойын дәптерлер мен қаламдар сыйға тартылды.
Салтанатты рәсім аясында облыстық және республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаз педагогтері марапатталды. Республикалық конкурстың 4 жеңімпаз педагогы Қостанай облысы әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды, ал облыстық кезеңнің 6 жеңімпазы 918 900 теңге сомасына жеңімпаздардың куәліктері мен сертификаттарын алды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары арасында дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Сейдуәлі Дарын да болды, оның шәкірттері үшінші жыл қатарынан біздің облысқа математикадан республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар сыйлауда. Ол салтанатты рәсімге қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде:
«Мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады». Педагогикалық қызметімізде ұлы істі іздемей-ақ қояйық, бірақ кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен жасайық.
Ал, осында отырған шәкірттер – біздін жарқын болашағымыз! Балалар, сіздер ұстазыңыздың, мектебіңіздің, облыстың абыройысыздар. Бүгінгі жеңістеріңіз сіздерге мотивация болсын дегім келеді. Мәселе, жеңуде ғана емес, мәселе – еңбектене білуде. Осы еңбектеріңіз тек қуаныш пен қанағат әкелсін, ал жеңістеріңіз жаңа белестерге бастасын».