2023 жылғы 21-24 қараша аралығында Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклі пәндерінен ХVІ Президенттік олимпиада өтті.

Республиканың барлық мектептерінен 199 оқушы 2 іріктеу кезеңінен өтіп, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты. Екі күн бойында оқушылар 4 пән бойынша тапсырмаларды орындады: 1-ші күні – математика және химия, 2-ші күні – физика және биология.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қостанай, Рудный қалалары, Сарыкөл ауданы мен Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 9 қостанайлық оқушы өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Рудный қаласының № 2 гимназиясының оқушысы Азаренков Виталий күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Виталийге Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне грант сертификаты табысталды.

Олимпиадада қол жеткізілген табыспен құттықтаймыз!