«Физикадан олимпиада есептерін шығару» атты оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың Республикалық олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 09-10 қазан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық және қалалық кезеңдерінің қазылар алқасының құрамына кіретін Қостанай облысының білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін «Физикадан олимпиада есептерін шығару» атты оқыту семинары өтті.

    Жаттықтырушы ретінде физика пәнінің мұғалімі, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының құрама командасының жаттықтырушысы Самат Бакытжанович Мусалинов шақырылды.

    Семинарға қатысушылар оқыту семинарының жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.