Экология негіздері: БІЛІМ. Мәдениет. Болашақ» атты облыстық вебинары
2021 жылдың 18 ақпанында жұмыс жоспарына сәйкес «Экология негіздері: БІЛІМ. Мәдениет. Болашақ» атты облыстық вебинары өтті.
Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие мен білім беру бойынша жұмыс тәжірибесін Рудный қаласының Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының педагогтері ұсынды.
Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының оқушылары - облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстардың тұрақты қатысушылары болып саналады. Мектеп оқушылары олимпиадалар, жоба конкурстар мен шығармашылық конкурстарында да жақсы нәтижелер көрсетеді.
Мектеп қызметі бағытының бірі - экологиялық тәрбие және оқушыларға білім беру. Ол сабақ және сыныптан тыс жұмыс арқылы да өтеді.
Вебинар аясында мектеп педагогтері өздері жүзеге асырған экологиялық жобаларды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар экология мәселелері бойынша вебинар қатысушылары арасында шағын сауалнама және пластикті қайта пайдалану және қайта өңдеу бойынша мастер-класс өткізілді.
«Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» атты мастер-класын мектеп педагогы Т.А. Кульбаева өткізді, ол мектеп оқушыларымен бірлесіп вебинар жұмысы барысында екі бірегей авторлық жұмыс жасады. Педагог Е. Н. Серикбай түрлі науқандар, жобалар конкурстарын өткізу, «Жас экологтар» клубының жұмысы және т. б. арқылы оқушылармен экологиялық тәрбие бойынша жұмыстың қызықты түрлері туралы айтып берді.
Вебинарға облыстың 12 өңірінің 35 білім беру ұйымдарынан 98 педагог қатысты.
Вебинар материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтынан табуға болады.