«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 01 қарашада мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің химия пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» атты облыстық семинар өткізді.                         

Семинардың негізгі мақсаты - жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға облыстың 3 қаласы  мен 11 ауданынан 14 мұғалім қатысты. Семинарды «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ химия пәнінің мұғалімі Бекмағамбетов Айбек Серікқалиұлы өткізді.

Қатысушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмалар мен күрделілігі жоғары есептердің шешу тәсілдерін қарастырды.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.