Химия пәнінен бірінші он-лайн сабақ

    2020 жылдың 9 сәуірінде облыстың олимпиадалық резерві үшін химия пәнінен бірінші он-лайн сабақ өтті. Сабақ химия пәнінен олимпиада қатысушылары 9-10 сынып оқушыларына, сондай-ақ олимпиадаға дайындықпен айналысатын педагогтарға арналған.

    Жаттықтырушы - Султан Курмангалиевич Ахметов, дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының химия пәні мұғалімі. Султан Курмангалиевич Қостанай лицейінде бірінші жыл жұмыс істейді, бірақ өзін іс шебері ретінде танытты. Оның жетекішілігіндегі оқушылар осы оқу жылы бойы химия пәнінен облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.

    Бірінші сабақ кіріспе сипатында өтті, онда С.К. Ахметов химия пәнінен олимпиадаға дайындық жүйесі туралы айтып, пайдалы ресурстармен бөлісті.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков қалаларының, Алтынсарин, Әулиекөл, Меңдіқара, Қамысты, Қарабалық аудандарының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының: дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 66 оқушысы мен педагогтары қатысты.

    Келесі сабақ а. ж. 16 сәуірінде өтеді.