Т. Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысының қорытындысы

     

      

     

    Қазақстан оқушыларының астрономия, физика және ғарышкерлік саласындағы білім деңгейін арттыру мақсатында, ғарыш бағыты бойынша факультативтер мен үйірмелердің жұмысын белсендіру үшін, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімді зерттеу және тәжірибеде қолдану үшін, дарынды оқушыларды анықтау үшін, оларға мамандық таңдауда көмек көрсету үшін 2021 жылдың 19-23 сәуір аралығында Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПББСО (Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы) обсерваториясының базасында Т. Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өтті.

    Ғылыми жарыстың қатысушылары астрономиялық, ғарыштық үйірмелерде және жалпы білім беретін мектептердің бірлестіктерінде жұмыс істейтін, Республикасының қосымша білім беру ұйымдарының, астрономиялық және жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша облыстық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары 7-11 сынып оқушылары атанды.

    Қостанай облысын Қостанай қаласының Қ.М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің 3 оқушысынан құралған команда таныстырды.

    Балалар «Астрономия және астрофизика» секциясында ғарыштық физика мен астрономия бойынша ғылыми жобалар конкурсында 2 жобаны (оның біреуі командалық) ұсынды.

    Іс-шара қорытындысы  бойынша  облыс қоржынына Гран-при мен II орын түсті.

    Қатусышының аты-жөні

    Оқу орны

    Орын

    Бельжанова Томирис

    Қостанай қаласының М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі

    Гран-при

    Сариев Алишер, Сергеев Никита

    II орын

    Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!