«Географиядан олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жыл 14 желтоқсанда облыстың мектеп мұғалімдеріне арналған «Географиядан олимпиадалық есептерді шешу» мемлекеттік тілде қашықтықтан оқыту семинарын өткізді. Тренер ретінде магистр, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті экология және география кафедрасының аға оқытушысы Баубекова Гаухар Коныспайқызы, шақырылды.

    Тренингтің мазмұны олимпиада тапсырмаларын қарастыруға және оларды шешуге бағытталды. Семинар-тренингтің соңында облыстың барлық аймақтарынан қатысқан 34 тыңдаушыға «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары табысталды.