7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен республикалық олимпиада

     

    2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен республикалық олимпиада өтті.

    Бұл олимпиаданы өткізудің мақсаты оқушылардың химия мен биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, оларда жағымды эмоциялар тудыру, дербес қорытындылар мен жалпылауға алып келу, оқушылардың ой-өрісін оқу бағдарламасынан тыс қосымша біліммен байыту.

    Мәдени бағдарлама аясында олимпиадаға қатысушылар Астанадағы ЭКСПО-орталықтың ерекше ғимараттарының бірі «Нұр Әлем» сфералық павильонына барды. Олимпиадаға қатысушылардың жетекшілері «Олимп шыңына апарар жол» тренинг-семинарына қатысты.

    Олимпиадаға Қазақстанның 16 өңірінен 168 оқушы қатысты. Қостанай облысының атынан Лисаков, Рудный қалаларынан, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 7 оқушы қатысты.

    Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша облыс оқушылары 6 қола медаль жеңіп алды:

     

    Калашеев Илья

    №6 жалпы білім беретін мектеп, Лисаков қаласы

    биология

    7

    3

    Бугубаев Ахмет

    Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

    биология

    8

    3

    Гмыря Надежда

    № 2 гимназия, Рудный қаласы

    биология

    8

    3

    Абжанова Наргиз

    «Озат» мамандандырылған  ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    химия

    7

    3

    Кадралинов Алибек

    Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

    химия

    8

    3

    Шукенов Саян

    Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

    химия

    8

    3

     

    Балаларды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!