QABILET – мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау және қабілеттерін диагностикалау қызметі
«Qabilet» жобасының мақсаты - 4К аясында балалардың қабілеттерін анықтау. Жобаның негізгі міндеті - әр отбасына баланың қабілеттілік деңгейін дұрыс бағалауға және одан әрі оқыту мен дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру. Qabilet қызметі ата-аналарға балаларының қабілеттері мен дағдыларын ашуға көмектеседі, сонымен қатар заманауи, тез дамып келе жатқан әлемде баланың дамуына ықпал етеді.
Бүгінгі күні ел бойынша диагностикаға 10-11 жастағы 109 мыңнан астам оқушы қатысты. Қостанай облысы бойынша - 4000-нан астам. Ең жоғары белсенділікті Әулиекөл, Федоров аудандарының, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларының оқушылары көрсетуде.
Дарынды оқушылардың әлеуетін қолдау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялаған 2022 жыл аясында одан да өзекті бола түсуде. Осыған байланысты, «Qabilet» жобасы осы мәселені шешу бойынша жобалардың бірі болып табылады.
Сондықтан біз оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын «Qabilet» жобасына аударғымыз келеді.
Диагностика қызметін үйден, сондай-ақ «Қостанай дарыны» өңірлік орталығынан онлайн режимінде алуға болады. Тестілеу қорытындысы бойынша психолог балаларға, олардың ата-аналары мен педагогтеріне баланың әлеуетін дамыту және болашақ мамандығын таңдау бойынша консультациялық қолдау көрсетеді.
Жобаға қатысу үшін qabilet.elbasyacademy.kz.сайтында тіркелу қажет.
«Qabilet» жобасына 10-11 жастағы оқушылар ғана қатыса алады.