Биология мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

Дата:
29.02.2024

«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 29 ақпанда «Биологиядан олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты облыстық семинарын өткізді. Оқыту семинарының негізгі мақсаты - жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға 12 аудан мен 3 қаладан 28 мұғалім қатысты. Семинарды А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Аян Сұлтанқызы Кожмухаметова өткізді.

Қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған олимпиадалық тапсырмаларды қарап, оларды шешу жолдарын талдады.

Тыңдаушылар семинардың тиімділігі мен жаттықтырушының кәсібилігін атап өтті.  Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Оставить комментарий