7-10 сынып оқушылары арасында физика пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

      

    2021 жылдың 15-16 наурызында 7-10 сынып оқушылары арасында физика пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірінен 1 031, оның ішінде 513 (49,8 %) ауыл мектептерінің оқушылары қатысты. Олимпиадаға Науырзым және Федоров аудандарының, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.

    Өңірлер арасында Рудный қ., Қостанай және Алтынсарин аудандарын атап өтуге болады (тиісінше 133, 117 және 111 қатысушы).

    Бұл олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 10 сынып оқушылары болды - 328 оқушы, оның ішінде облыс колледждерінің 1 курстың 191 студенттері.

    Олимпиада тапсырмаларын 246 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 40 оқушы 1 орын, 103 – 2 орын және 103 оқушы 3 орын алды.

    Өңірлер арасында ең нәтижелі Алтынсарин, Қостанай аудандары және Лисаков қаласы болды.

    Колледж студенттері 58 жүлделі орынға ие болды: 8 бірінші, 19 екінші және 31 үшінші орын.

    Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификат алды, ал жүлдегерлерге диплом дайындалатын болады.

    ИТОГИ