Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы шығарылды

     

    «Мың бала» – ауыл балаларын қолдауға және дамытуға, олардың қалалық құрдастарымен табысты бәсекелесуі үшін жағдай жасауға, білім алшақтығын қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.  Ұлттық «Мың бала» зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін «білім алу баспалдағына» айналды. 

    «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады.  Бірінші кезең 2023 жылдың 3-7 сәуірі аралығында өтіп, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтыды. Оның нәтижесінде Қостанай облысының 214 оқушысы олимпиаданың екінші кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. 

    Екінші кезең 2023 жылдың 26-28 сәуір аралығында өңірлік тестілеу орталықтары базасында  ұйымдастырылды. Қатысушылар математикалық сауаттылық, жаратылыстану, ағылшын, қазақ және орыс тілдері бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.

    Тестілеудің 2 кезеңінің нәтижелері бойынша ең жоғары баллдан 1000 жеңімпаз іріктелді, оның ішінде Қостанай облысының 45 оқушысы бар. Жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математикалық мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, мамандандырылған «Дарын» мектептерінде оқуға мүмкіндік беріледі.

    17-30 мамыр аралығында https://1000bala.elumiti.kz/ сайтында ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 10% мөлшеріндегі квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге конкурстан тыс қабылдау үшін өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады.

    Объективті процесті ұйымдастыру мақсатында оқуға қабылдауға онлайн өтінімдер беруге қолжетімділік мынадай тәртіппен жүргізілетін болады:

    17 мамырдан 21 мамырға дейін 766 баллдан 639 баллға дейін нәтиже көрсеткен жеңімпаздар үшін;

    22 мамырдан 24 мамырға дейін 638 баллдан 600,37 баллға дейін нәтиже көрсеткен жеңімпаздар үшін;

    25 мамырдан 30 мамырға дейін 600,36 баллдан 515 баллға дейін нәтиже көрсеткен  жеңімпаздар үшін.

    Жеңімпаздардың дипломдарын беру 23 мамырдан бастап электрондық форматта жүргізіледі және Олимпиаданың https://1000bala.elumiti.kz/ сайтында жеңімпаздардың Жеке кабинетінде қолжетімді.

    Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

    Ауыл мектептеріне арналған 2023 жылғы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы жеңімпаздарының тізімі https://elumiti.kz/one-news сайтында.