Жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 7 желтоқсанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ауыл мектептері директорларының орынбасарлары үшін дарынды балалармен жұмыс бойынша он-лайн семинар өткізді.
Семинарда «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Рамазан Елеусизович Раисов дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесін ұсынды. Рамазан Елеусізұлы дарынды оқушыларды оқыту мен білім берудің алты негізгі проблемасын белгілеп, зияткерлік конкурстарға сапалы дайындық ережелерін ұсынды, сондай-ақ мәселелерді шешу жолдарын, дарынды оқушыларды даярлау бойынша перспективалар мен ұсынымдарды айқындады.
Рудный қаласының Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Әсем Сейтмағанбетқызы Сапарғалиева тыңдаушыларды дарынды балаларды даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүйесімен таныстырды. Директордың орынбасары дарындылықты диагностикалау әдістерін, сондай-ақ оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау бойынша жұмыстарды ұсынды.
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ директорының орынбасары Амиржан Закариевич Жұмабеков дарынды оқушылармен жұмыс істеу бойынша әкімшілік-басқару персоналының жұмысында Telegram боттары мен жасанды интеллекттерді пайдалану саласындағы әзірлемелерімен бөлісті.
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының орынбасары Алимбаева Алина Қажирахимқызы әдістемелік қызметіндегі инновацияларды ұсынды: «Құмырсқа илеуіші» ынталы педагогтардың кейс-қауымдастығы, кітап клубы, әдістемелік апталар, кураторлық әдістеме.
«Қостанай дарыны» орталығының аға әдіскері Бағлан Нұрланұлы Ақанбаев семинар қатысушыларын «Qabilet» тұлғалық қабілеттерінің диагностикасымен таныстырды. Сөз сөйлеу барысында «Qabilet» қызметі жұмысының бағыттары, 4К бағыттары (Креативтілік, Коллобарация, Сыни ойлау, Коммуникация), сондай-ақ кәсіптік бағдар беру мәселелері талқыланды. Бұдан әрі тыңдаушылар диагностика жүргізілетін платформаның жұмысымен және Қостанай облысындағы диагностика нәтижелерімен таныстырылды.
Семинарға Қостанай облысының 13 ауданынан ауыл мектептері директорларының 95 орынбасары қатысты.
Осылайша, директорлардың орынбасарлары спикерлер ұсынған дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау бойынша қалыптасқан жұмыс жүйесімен таныса алды.
Әріптестерімізге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс айтамыз.