«Сіз білесіз бе?» облыстық викторинасының қорытындысы

    2022 жылғы 23 мамырда 2-4 сынып оқушылары үшін «Сіз білесіз бе?» облыстық экологиялық викторинасы өтті.

    Викторинаның мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының экология және табиғатты қорғау саласындағы танымдық қызметін жандандыру, оқушылардың назарын қоршаған ортаның экологиялық проблемаларына аудару, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

    Викторинаға облыстың 20 өңірінен 1557 оқушы қатысты. Ең белсенді өңірлер: Қостанай қаласы (388 қатысушы) мен Қостанай ауданы (216 қатысушы) болды. Ауыл мектептерінің ішінен викторинаға 1037 оқушы немесе қатысушылардың жалпы санының 66,6 % қатысты. Екінші сынып оқушыларының белсенділігі жоғары болды.

    367 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 84 оқушы I орын, 128 оқушы II орын, 155 оқушы III орын алды. Облыс бойынша сапа пайызы 23,6 %-ды құрады. Жақсы білімді Лисаков қ. (44,8 %), Жітіқара ауданы (40,8 %) және Арқалық қ. (40,4 %) оқушылары көрсетті. Сонымен қатар ең көп жүлделі орындарға да екінші сынып оқушылары ие болды.

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге дипломдар дайындалады.

     

    ИТОГИ