«Полиглот» облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 26-27 сәуірінде 5-6 сынып оқушылары  үшін «Полиглот» атты облыстық қашықтық олимпиадасының 2 туры өтті.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты - тілтанымдық  дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуде табысқа жетелеу, оқушыларды көптілді білім алуға ынталандыру.

    Оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша лексиканы, грамматиканы, орфографияны білуге 30 сұрақ, сондай-ақ тілді білуге қызықты сұрақтар ұсынылды.

    1 кезеңнің қорытындысы бойынша олимпиаданың негізгі турын  791 оқушы өтіп, 506 оқушы қатысты.

    Ең нәтижелі өңірлер Б.Майлин ауданы (% сапасы  – 44,8%) және Арқалық қаласы (41,9%) атанды.

    Ең жоғары балл жинаған 156 қатысушы лайықты жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 53 екінші және 103 үшінші орындар. Өкінішке орай, қатысушылардың ешқайсысы ең жоғары балл жинаған жоқ.

    Барлық жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары дайындалды.

    ИТОГИ