Балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту және бастауыш және орта жастағыоқушылартұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2023 жылғы 10 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың қазылар алқасының құрамынаА.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Денешынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығы, Қостанай қ. А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқытушылары кірді.
Байқауға барлығы 224 жоба (271 қатысушы) қатысты, оның 47-сі командалық. Жүлделі орындарға 116 жоба (147 қатысушы) ие болды, оның ішінде I орын – 24 жоба, II орын – 41 жоба, III орын – 51 жоба.
Жобаларды қорғау қорытындылары бойынша Қостанай қ. (85,9 %), Лисаков қ. (75 %), Рудный қ. (73 %), Жітіқара ауданы (63,6 %)нәтижелілік көрсетті.
Қазылар алқасының мүшелері бастауыш сынып оқушыларының дайындығы жоғарылығын, шешендік қабілеттерін, сондай-ақ тақырыптарды таңдай білетіндіктерін атап өтті.
Өз жобаларын қорғау кезінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының арасында «Озат» мамандандырылған ақпараттық мектеп-лицей-интернаты –56,25% және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты – 100% сапа көрсетті.
Жеңімпаздар конкурстың 2024 жылдың қаңтарында өтетін соңғы кезеңінебіздің өңірдің атынан қатысады.