«Қашықтан оқыту технологияларын қолдану - дарынды балалармен жұмыс жасаудың бір түрі» атты облыстық вебинары
2021 жылдың 29 қыркүйегінде облыс педагогтері үшін «Қашықтан оқыту технологияларын қолдану – дарынды балалармен жұмыс жасаудың бір түрі» атты вебинар өтті.
Дәстүрлі оқыту форматына қайта оралғанына қарамастан, қашықтан оқыту технологиялары білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне берік орнықты.
Қостанай ауданының Заречный мектеп-лицейінің педагогтері биология (мұғалімі А.А. Битаев) және география (мұғалімі Д.С.Саханов) сабақтарында қашықтан технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп педагогі М.В. Сапрыкин сыныпта да, сабақтан тыс уақытта да Goolge құжаттар мен Google Forms-ті бірлесіп пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері туралы қолжетімді түрде айтып берді. Вебинар қатысушылары Goolge құжаттарында және Google Forms-те өз бетінше жұмыс істей алды.
Педагог Е.И. Сапрыкина бейнесабақтарды жасау кезінде не нәрсеге назар аудару керектігі туралы айтып берді, бейне жасау үшін бірнеше бағдарлама ұсынды және осы бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсетті.
Вебинарға Қостанай облысының 13 өңірінен 60 білім беру ұйымының 98 педагогі мен әдіскерлері қатысты.
Вебинардың материалы мен бейнесі «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайты мен арнасында қолжетімді болады.