«Полиглот» қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

    2023 жылдың 26-27 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» қашықтық олимпиадасының ІІ туры өтті.

    Олимпиаданың 1 турына 2041 адам қатысты, ауылдық өңірлер арасынан 1306 адам (немесе 63,9 %) қатысты. Олимпиаданың 2 турына 1512 оқушы жіберілді, 877 қатысушы қатысты, оның ішінде ауылдық өңірлерден – 511 адам (немесе 58,3 %).

    2 турдың қорытындысы бойынша 5 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын 72,6 %-ға, ал 6 сынып оқушылары 77 %-ға орындады. 5 сынып оқушылары арасындағы орташа балл 21,8 (30-дан мүмкін), 6 сынып оқушылары арасында 23,1 балл (30-дан мүмкін) болды.

    Олимпиада жүлдегерлері 308 оқушы болды, оның 33-і бірінші, 92-сі екінші, 183-і үшінші орын алды.

    Өңірлер арасында Рудный қаласының (51,6 % сапа) және Арқалық қаласының (68,6 %) оқушылары, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары тапсырмаларды жақсы орындады (65,2 %).

    Барлық жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.

     

    ИТОГИ