Қарабалық ауданы білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесі
- Л.П. Вайленко– «Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытудағы мектептегі ғылыми қоғамның рөлі»;
- А.П. Любченко – «Зерттеу қызметі – математика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта дарынды оқушыларды дамытуда жаңа қадам!;
- Т.Е. Бутенко – «Білім алушылардың зияткерлік дарындылығын қашықтан өткізілетін олимпиадалар мен конкурстарға қатысу арқылы дамыту»;
- М.В. Озарникова – «Дебаттар білім алушылардың зияткерлік дарындылығын анықтау және дамыту құралы ретінде».
2022 жылғы 29 сәуірде Қарабалық ауданының білім беру ұйымдары екі вебинар өткізді.
Күннің бірінші жартысында мектепте оқушылардың зияткерлік дарындылығын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесін А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы ұсынды.
Бұл мектептегі дарынды балалармен жұмыс мектеп ғылыми қоғамының жұмысы арқылы да, зияткерлік бағыттағы олимпиадалар мен конкурстарға қатысу арқылы да жүреді. Мектеп ұжымы жұмысының осы бағыттары спикерлердің сөйлеген сөздерінде ашылды:
Екінші жартысында М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогтары дарынды балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар тақырыбы – «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша мектеп жұмысының жүйесі».
Мектеп ұжымы, оның директоры А.К. Бисеновтың басшылығымен, оқушылардың зерттеу қызметін дамыту бойынша мектеп жұмысының жүйесін ұсынды. Мектеп педагогтарі сабақтардағы жұмыс әдістері, орта және жоғары буын оқушыларын да, кіші мектеп оқушыларын да белсенді зерттеу және танымдық қызметке тартуға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану туралы айтып берді. Кіші буындағы мектеп жұмысының «ерекшелігі» оқушылардың ата-аналары да белсенді қатысатын әртүрлі пәндер мен тақырыптар бойынша лэпбуктер құру болды.
Екі мектептің педагогтары өз сөздерінде өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, жеке педагогикалық табыстары мен оқушылардың жетістіктері туралы айтып берді.
Вебинар жұмысына Қостанай облысының 9 өңірінен 33 білім беру ұйымының 81 педагогы мен әдіскері қатысты.
Вебинар материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтынан және арнасынан табуға болады.