3-4 және 5-6 сынып оқушыларына арналған математикадан «Алтын сақа» республикалық олимпиадасы

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2024 жылғы ақпан-мамыр айлары аралығында 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында математикадан «Алтын сақа» республикалық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың мақсаты математикадан қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру болып табылады.

    Олимпиада 4 кезеңде өтті. Олимпиаданың мектепішілік кезеңі ағымдағы жылдың 20 ақпанында өтті, оған 3-4 және 5-6 сыныптардың 1418 оқушысы қатысты. Аудандық/қалалық кезеңдер 2024 жылдың 3 наурызында өтті. Оған 374 оқушы қатысып, оның 232-сі облыстық кезеңге өтті.

     5-6 сыныптар үшін облыстық кезең - 28 сәуірде, ал 3-4 сыныптар үшін - 3 мамырда өтті. Олимпиадаға 5-6 сыныптардың 92 оқушысы және 3-4 сыныптардың 132 оқушысы қатысты. 156 оқушы облыстық кезеңнің жүлдегерлері атанды.

    2024 жылғы 28 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ базасында 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында математикадан «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

    Олимпиадаға облыс мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олимпианың қатысушыларына математика бойынша қиындығы 3 деңгейлі тапсырмалар, тапсырмалар арасында тест тапсырмалары мен мәтіндік тапсырмалар берілді.

    9 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 2 - І орын, 3 - ІІ орын, 4 - ІІІ орын және 4 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

    Қатысушының аты-жөні

    Сынып

    Мектеп

    Орын

    1

    Өмірзақ Ерасыл

    4

    Қостанай қ. № 24 мектеп-гимназиясы

    1

    2

    Заватский Александр

    4

    Қостанай қ. М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі

    1

    3

    Касымов Таир

    6

    Қостанай қ. № 16 жалпы білім беретін мектебі

    2

    4

    Молдахмет Абзал

    3

    Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі

    2

    5

    Макаренко Максим

    3

    Сарыкөл ауданының Урицкий мектеп-лицейі

    2

    6

    Рамазан Арнур

    4

    Амангелді ауданының Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі

    3

    7

    Зәки Әлиахмет

    5

    Қостанай қ. С. Мәуленов атындағы гимназиясы

    3

    8

    Асқар Нұрислам

    6

    Рудный қ. А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

    3

    9

    Хамзина Алина

    5

    Арқалық қ. Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы

    3

    10

    Иващенко Илья

    5

    Силантьев жалпы білім беретін мектебі

    грамота

    11

    Танат Амір

    3

    Қостанай қ. № 24 мектеп-гимназиясы

    грамота

    12

    Кайржан Мансур

    4

    Қостанай қ. № 24 мектеп-гимназиясы

    грамота

    13

    Семенов Ярослав

    4

    Лисаков қ. №6 жалпы білім беретін мектебі

    грамота