«Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің құнды экспонаттар тарихы» вебинары

    2020 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай облысының оқушылары мен педагогтары үшін он-лайн режимінде «Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің құнды экспонаттар тарихы» вебинары өтті.

    Вебинар 9 сынып оқушыларына арналған.

    Қазақтың ұлы ағартушысы, жерлесіміз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі. Ж.Т. Досжанова виртуалдық экскурсия өткізіп, Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің ең құнды және қызықты экспонаттары туралы айтып берді.

    Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.