География пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің қазылар алқасының құрамына кіретін мұғалімдерге арналған «География пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешу» тақырыбында оқыту семинары өтті.

    Семинардың мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың әртүрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

    Семинар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі Баубекова Гаухар Қоныспаевна өткізді.

    Қатысушылар олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдерінде кездесетін олимпиадалық тапсырмаларды қарады.

    Тыңдаушылар оқыту семинарының жоғары деңгейде өткенін атады.