«Оқушыларды олимпиадаларға дайындау» облыстық семинары

    2020 жылдың 15 желтоқсанында «Оқушыларды олимпиадаларға дайындау» облыстық семинары өткізілді. Аталғаніс-шара «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ бірлесіп ұйымдастырылды.

    Семинарға «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі әдіскері Прищепина Алла Викторовна жетекшілігімен Рудный қаласы мектептерінің мұғалімдері қатысты.

    Семинардың негізгі мақсаты оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау бойынша жұмыстың әдістеріжәне тәсілдерімен таныстыру, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогикалық тәжірибемен алмасу болып табылды.

    Семинардың тыңдаушылары Қостанай облысының 20 өңірінен 101 мұғалім, оның ішінде дарынды балаларға арналған облыстық білім беру ұйымдарының мұғалімдері, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс жүргізетін аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының әдіскерлері болды.