«Qabilet» қызметі Қостанай қаласының 10-11 жастағы оқушыларына психологиялық сабақтар ұйымдастырды

    Сыни ойлауды, зейінді, есте сақтауды және коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында «Қостанай дарыны» ӨОӘО жоспарына сәйкес 2023 жылғы 23 қаңтарда «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскерлері: Б.Н. Ақанбаев пен Д.А. Жұмабаева «QABILET» диагностикасының I кезеңінен өткен 10-11 жастағы 20 оқушы үшін дамытушы психологиялық сабақтар өткізді.     

    Оқушылармен кездесу әртүрлі ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, қабілеттерді дамытуға, сондай-ақ адамның танымдық іс-әрекетінің қатарына кіретін зейін, есте сақтау және ойлау сияқты психикалық процестерді зерттеуге арналды.