Облыстық Жансүгіров және Мақатаев оқуларының қорытындысы

    Облыстық Жансүгіров және Мақатаев оқулары 2020 жылғы 12 наурызда «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының базасында өтті.

    Қостанай облысының жалпы білім беретін және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасынан Жансүгіров оқуларына 9 және Мақатаев оқуларына 13 оқушы осы конкурсқа қатысты. Оқушылар Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Қостанай, Ұзынкөл, Федоров аудандарынан және Қостанай, Рудный қалаларынан.

    Ережеге сәйкес Жансүгіров оқулары төрт номанацияда, барлық номинациялар бойынша бір үміткер, Мақатаев оқулары жеті номинацияда, барлық номинациялары бойынша 1 үміткер қатысады.

    Оқушылардың жауаптарын қазылар алқасы: Қостанай облысы Білім басқармасының білім мазмұнын жаңартуды дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті секторының меңгерушісі, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылары, сондай-ақ Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универстиетінің өнер кафедрасының оқытушысы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтары бағалады. 

    Оқушылардың жауаптарын тыңдау қорытындылары бойынша гран-при, І, ІІ және ІІІ орынға ие болған 6 оқушы Жансүгіров оқулары облыстық конкурсының жүлдегері атанды. Сол сияқты Мақатаев оқулары бойынша – гран-при, І, ІІ және ІІІ орынға ие болған 7 оқушы жүлдегер болып атанды. Барлық қатысушыларға облыстық кезеңге қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

     

    Жансүгіров оқуларының жүлдегерлері мен жеңімпаздарының тізімі

    Қатысушының аты-жөні

    Мектеп, сынып

    Аудан/қаласы

    орын

    1.  

    Тоққожаев Жамбыл 

    Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы                                                  , 9 сынып

    Рудный

    Бас-бәйге

    1.  

    Ибжарова Айзат

    Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, 8 сынып

    Қостанай

    I

    1.  

    Сейтқан Анель

    Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, 10 сынып

    Қостанай

    II

    1.  

    Сандибек Асыл

    № 20 ОМ, 9 сынын

    Қостанай

    II

    1.  

    Калеева Ұлпан

    № 2 ОМ, 9 сынып

    Федоров

    III

    1.  

    Ислямова Дина

    "Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, 8 сынып

    Қостанай

    III

     

    Мақатаев оқуларының жүлдегерлері мен жеңімпаздарының тізімі

    Қатысушының аты-жөні

    Мектеп, сынып

    Аудан/қаласы

    орын

    1.  

    Құрманғазықызы Шапағат

    Айсары ОМ, 8 сынып

    Қостанай ауданы

    Бас-бәйге

    1.  

    Куатова Әсел

    №19 ОМ, 10 сынып

    Рудный қ.

    I

    1.  

    Өндірісов Дияр

    Калинин НМ, 8 сынып

    Әулиекөл

    II

    1.  

    Қанатқызы Эльнура

    Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат, 8 сынып

    Қостанай қ.

    II

    1.  

    Қапарова Мерейім

    Үшқарасу НМ, 9 сынып

    Әулиекөл

    III

    1.  

    Абуова Гаухар

    Набережный ОМ, 9 сынып

    Б.Майлин

    III

    1.  

    Берік Ақбота

    С.Ерғалиев ат.ОМ, 11 сынып

    Б.Майлин

    III