Химия пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2024 жылдың 11-12 сәуірінде 7-10 сынып оқушылары үшін химия пәнінен қашықтан облыстық олимпиада өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 1662 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1 022 қатысушы (немесе 61,5 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (272 оқушы), Арқалық қ. (145 оқушы) және Рудный қ. (137 оқушы) болды.

    Оқушылар арасында ең белсенді 7-сынып оқушылары болды (599 қатысушы).

    136 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 42-і 1 – орын, 37-сі екінші және 51-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Арқалық қ. (18 %) және Ұзынкөл ауданының (17 % сапа) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталатын болады.

     

    ИТОГИ