Жаңа 2024 жыл 11-сынып оқушысы Даутов Жан үшін жеңістермен басталды. Алдымен ол 4-5 қаңтарда өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды, ал келесі күні математика, физика және информатика пәндері бойынша 20-шы Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысу үшін Алматы қаласына аттанды.

Биыл олимпиада өзінің дәстүрлі күндерінде – қаңтардың басында – 8-13 қаңтар аралығында Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын дәріптеу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің бейінді мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білімі мен мәдениеті деңгейін көрсету.

Биыл дәстүрлі олимпиадаға әлемнің 14 елінің 55 командасы сапында 600-дей оқушы қатысты, оның ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния бар.

Даутов Жан олимпиадаға тек жеке есепте қатысты, бірақ бұл оның жеңісін төмендетпейді. Алтын медаль осы олимпиада үшін арнайы әзірленген күрделі авторлық тапсырмаларды шешу қорытындысы бойынша жеңіп алынды.

Жанды және Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының ұжымын жаңа жылдың сәтті басталуымен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!!!