«Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен формалары» облыстық вебинары

     

      

     

     

    2022 жылғы 28 қаңтарда «Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен формалары» атты облыстық вебинары өтті.

    Амангелді ауданының мектептерінде дарынды оқушылармен жұмысын ұйымдастыру бойынша өз жұмыс тәжірибесін өңірдің 3 мектебінің педагогтары ұсынды: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Амангелді жалпы білім беретін мектебі және Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі.

    Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде дарынды балалармен жұмыс бағыттары туралы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қарлығаш Бекенқызы Мақсұтбаева айтып берді.

    Амангелді жалпы білім беретін мектебінде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Кәмшат Шөптібайқызы Әбдікова бөлісті.

    Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Ғалимұханқызы Байдилдина тарих сабағында дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін атап өтті.

    Вебинар жұмысына 13 аймақтан 53 білім беру ұйымдарының 100 педагогтары мен әдіскерлері қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.