«Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ойлауын дамыту үшін инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі» атты вебинары
2021 жылдың 13 қазанында «Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ойлауын дамыту үшін инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі» атты облыстық вебинар өтті.
Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің педагогтері Н.С. Бекешова мен А. Ешмагалиева бастауыш мектеп оқушыларымен жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Өз сөздерінде мұғалімдер төменгі сынып оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен: оқу сабақтарына қызығушылықты арттыру үшін қандай технологиялар мен әдістерді қолданатыны, сабақтан тыс уақытта оқушыларды қандай жұмыс түрлері қызықтыратыны, сабақта және одан тыс зерттеу жұмыстары қалай ұйымдастырылатыны жөнінде бөлісті.
Вебинарға облыстың 11 өңіріндегі 46 білім беру ұйымдарынан 94 педагогтері қосылды. Вебинар материалдары мен бейнені ӨҒПО «Қостанай дарыны» сайтынан және арнасынан табуға болады.