«Оңай физика» атты сабағы

     

      

     

    2021 жылдың 25 қазанында 10-11 сынып оқушылары үшін «Оңай физика» атты сериясынан алғашқы сабақ өтті.

    Сабақ мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің оқушыларына арналған.

    Физика пәнінен сабақтар сериясын дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының физика мұғалімі Ержан Есетович Жумадилов өткізеді.

    Е.Е. Жумадиловтың оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауда мол тәжірибесі бар.

    Алғашқы сабақта оқушылар «Қашықтық, орын ауыстыру, жылдамдық» тақырыптары бойынша мектептердегі физика сабақтарында алған білімдерін қайталады, содан кейін берілген тақырыптар бойынша тапсырмалар ұсынылған болатын.

    Сабаққа 18 оқушы қосылды. Аталған тақырып бойынша екінші сабақ ағымдағы жылдың 13 қарашасына жоспарланған.