Алиева Жұлдыздың жұлдызы!

    2022 жылдың 5 мамырында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 11-сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасының финалы өтті.

    Олимпиаданың үш кезеңінен де сәтті өткен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының» оқушысы Алиева Жұлдыз «Тіл білімі: орыс тілі мен әдебиеті» секциясына қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің IІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқудың барлық кезеңіне грантқа ие болды. Дарынды оқушымыз жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық, республикалық олимпиада жеңімпазы.

    Олимпиадаларға қатысып жинаған бай тәжірибесі мен білімінің арқасында еліміздегі белді де беделді оқу орнына түсіп, өз болашағына нық қадам басуда десек артық айтқандық емес. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» демекші, олимпиадаларға дайындаған жетекшісі: Байтасова Ботагоз Шаяхметовна. Шын жүректен құттықтаймыз!!!