«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсының қорытынды кезеңі
28-29 қазан аралығында Өскемен қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың VII республикалық зияткерлік конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін дамыту.
Қостанай облысынан республикалық кезеңге: Амангелді ауданының Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Құрман Ерасыл, Денисов ауданының № 3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Нуркалиева Несвельды, Қостанай қаласының № 3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Нурланқызы Ирада және Бейімбет Майлин ауданының С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Жалғас Нұрдәулет қатысты.
«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясында Нурланқызы Ирада ІІІ орынды иеленді. Жалғас Нұрдәулет «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, «Дарын» РҒПО грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.