Республикалық лингвистикалық олимпиаданың 1 туры

    2020 жылдың 16 қазанында Республикалық лингвистикалық олимпиаданың 1-туры өтті.

    Олимпиаданың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша білімдерін жетілдіру және тереңдету.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 13 өңірінен білім беру ұйымдарының 8-10 сыныптарынан 435 оқушы және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған мектебі: «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты және Ы. Алтынсарин атындағы  мамандандырылған мектеп-интернаты қатысты.

    1 турда оқушыларға 2 тапсырма ұсынылды, мүмкін болатын ең жоғары балл 70 балды құрады.

    1 турдың қорытындысы бойынша білім беру бөлімдері мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер ағымдағы жылдың 11 қарашасында өтетін олимпиаданың облыстық турына 57 оқушыны қатысуға өтініш берілді.