Лингвистика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың 2 кезеңі

     

      

     

    2021 жылдың 11 қарашасында лингвистика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың 2 (облыстық) кезеңі өтті. Бұл лингвистика пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысу үшін 8-11 сыныптардың ең мықты оқушыларын анықтауға мүмкіндік беретін екінші іріктеу кезеңі.

    Аудандық/қалалық кезеңдерге облыстың барлық өңірлерінен 512 оқушы және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған мектеп қатысты; облыстық кезеңге – ең жоғары балл көрсеткен және білім бөлімдері ұсынған 55 оқушы қатысты.

    Қатысушыларға 3 сағат ішінде 3 мәселені шешу қажет болды. 1-турдың міндеттерін шешу үшін ең жоғары балл 60 балды құрады (бір тапсырма үшін 20 балдан).

    Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмалары бірнеше тілдерді білумен құрылған. Бірінші тапсырманы шешу үшін удмурт тілінің бесермян диалектісін, екіншісі тапсырма үшін - табасаран тілін білу; үшінші тапсырма үшін -  жапон тілі және «бабибу» құпия тілін білу қажет болды.

    Удмурт тілі орал тілдер отбасының пермь тобына жатады. Удмуртияда және бірқатар көршілес өңірлерде 700 мыңға жуық адам сөйлейді. Бесермян сөйленісі негізінен Удмуртияның солтүстік аймақтарында жиі кездеседі; кейбір зерттеушілер оны дербес тіл ретінде қарастырады.

    Табасаран тілі нах-дағыстан тілдер отбасының лезгин тобына жатады. Дағыстанның Табасаран және Хиуа аудандарында 70 мыңға жуық адам сөйлейді.

    2 кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 6 жүлдегер анықталды. Оларға «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының дипломдары беріледі, барлық қатысушылар сертификатт алады.

    Тегі, аты

    Өңір

    Мектеп

    сынып

    орын

     

    Яхно Лидия

    Лисаков қаласы

    Мектеп-гимназия

    9

    1

     

    Сливко Сергей

    Қостанай қаласы

    Физика-математикалық лицейі

    9

    2

     

    Дубровин Никита

    Қостанай ауданы

    Тобыл қ. мектеп-гимназиясы

    9

    2

     

    Жунусов Александр

    Әулиекөл ауданы

    С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы

    9

    3

     

    Бейсембай Еркебулан

    Меңдіқара ауданы

    А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы

    10

    3

     

    Александрова Екатерина

    Лисаков қаласы

    Мектеп-гимназия

    10

    3

    Олимпиаданың қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 22 қарашасында өтеді. Оған облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 2 оқушы қатысады: Яхно Лидия және Сливко Сергей.