2023 жылғы 2 қарашада «Қостанай ауданы білім бөлімінің Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Дарынды бала – ұлт болашағы» облыстық семинары өтті.
Семинар екі секцияда өтті: қазақ тілінде оқытатын мектептердің педагогтері үшін және орыс тілінде оқытатын мектептердің педагогтері үшін.
Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназияның ұжымы қазақ тілінде оқытатын мектептердің педагогтеріне арналған семинардың ұйымдастырушысы болды. Семинар қатысушыларына түрлі станцияларға тоқталатын бағыт ұсынылды, онда мектеп оқушылары мен ұстаздары жобалық және зерттеу қызметінің түрлерімен бөлісіп, жаңа және қызықты жобалар туралы айтып берді. Ұстаздарға «Нұржантану» станциялары, Bookcrossing диалог алаңы, бастауыш сыныптардың зерттеу алаңы, мектеп телестудиясы, ұлттық киімдер орталығы, жобалық алаң ұсынылды, ал мектеп театры қатысушыларға өз қойылымдарынан үзінділер көрсетті.
Орыс тілінде оқытатын мектептердің педагогтеріне арналған секцияда семинар қатысушыларын дарынды балалармен жұмыс жоспарын жобалаудың басқарушылық аспектісімен «Алтынсарин ЖББМ» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А. Телегина таныстырды. «Талантты және дарынды» коуч-тренингін «Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ басшысының орынбасары А.А. Кудина өткізді.
Ұстаздарға арналған «Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі» іскерлік ойынын «Заречный мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары Л.К. Айшуакова ұйымдастырды. «Дарынды балалардың өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде оқушылардың зерттеу қызметі» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесімен «Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ химия пәнінің мұғалімі Д.М. Абдуллина бөлісті.
Әр секция жұмысының соңында рефлексия жүргізілді. Облыс педагогтері ұсынылған материалдың тыңғылықтығын, сөз сөйлеушілердің шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін, семинардың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
Семинар жұмысына Қостанай облысының 13 өңірінен 48 педагог қатысты. Барлық қатысушыларға «Қостанай дарыны» ӨОӘО сертификаттары табысталды.