Педагогтарға арналған вебинарлар

    Ағымдағы жылдың 28-30 қазан аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қостанай облысы білім беру ұйымдарының педагогтарына 2 вебинар өткізді.

    28 қазанда «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Нугуманова К.А. «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында педагогтарға арналған вебинар өткізді. Педагог «Функционалдық сауаттылық» ұғымын ашты, вебинарға қатысушыларға интерактивті түрде креативті ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектесетін тапсырмалар ұсынылды.

    30 қазанда Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат педагогы Досатова К. Д. «Ата-аналармен жұмыстың тиімді түрлері»атты вебинар өткізді. Вебинар сынып жетекшілеріне арналған. Досатова К.Д. ата-аналармен жұмыста  әдеттегі форматта да, он-лайн режимінде де қолдануға болатын қызықты жұмыс түрлері ұсынылды.

    Өткізілген вебинарларға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 33 педагогы қатысты.

    Сабақтың барлық материалдарын  «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.