Физика пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 8-9 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің қазылар алқасының құрамына кіретін физика пәнінің мұғалімдері үшін on-line форматта «Олимпиада тапсырмаларын шешу» атты облыстық семинарын өткізді.

    Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық циклі педагогтерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

    Семинарға облыстың 13 ауданы мен 4 қаласынан 55 педагог қатысты. Семинарды «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ физика пәнінің мұғалімі Серік Мақсат Маратұлы өткізді.

    Қатысушылар республикалық олимпиаданың түрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарастырды. Барлық педагогтерге сертификаттар табысталды.