2023 жылғы 4 қарашада Информатикадан Еуразиялық олимпиадасының іріктеу интернет-туры өтеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту, арнайы курстардың, үйірмелердің, оқушылардың ғылыми қоғамдарының жұмысын жандандыру, оқушылармен жұмыстың басқа да нысандарын дамыту, дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы, ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамыту болып табылады.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 405 команда іріктеу турына қатысатынын мәлімдеді.

Іріктеу турына қатысуға Қостанай облысы мектептерінің командалары да тіркелді: Арқалық, Лисаков ққ., және «Озат» МАТМЛИ, сонымен қатар құрама құрамында Алматы қ. РФММ және «Озат» МАТМЛИ оқушылары қатысады.

Кезеңнің ұзақтығы 5 сағат, оның барысында қатысушылар мүмкіндігінше көп тапсырма шешуі керек болады.

Іріктеу қорытындысы бойынша олимпиаданың күндізгі кезеңіне қатысушы командалар анықталады. Барлық қатысушыларға олимпиада тапсырмаларын сәтті орындауын тілейміз!!!

Олимпиаданың күндізгі кезеңі а.ж. 11-12 желтоқсанда өтеді.